Емхана
«Достар Мед» емханасы: тіркелген азаматтарға МӘМС және ТМККК бойынша тегін медициналық қызметтер.
Жалпы ақпарат
Біздің "Достар Мед" медициналық орталығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін медициналық қызметтер көрсететін емхана жұмыс істейді.
Бұл қызметтер Достар Мед емханасына тіркелген азаматтарға көрсетіледі
МӘМС қызметтері
ТМККК қызметтері
Біздің командамыз
Жиі қойылатын сұрақтар
[spoiler title="МӘМС және ТМККК айырмашылығы неде"]
[/spoiler]
[spoiler title="МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін қалай білуге болады?"]
[/spoiler]
[spoiler title="ТМККК және МӘМС медициналық қызметтерін алушылар"]
ТМККК (толық пакеті):
- ҚР азаматтары;
- қандастар (оралмандар);
- босқындар
- ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер;
- ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.
Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезіндегі ТМККК:
- ҚР-да уақытша болатын шетелдіктерге арналған;
- ҚР-да уақытша болатын азаматтығы жоқ адамдарға;
- баспана іздеуші тұлғаларға.
МӘМС (аударымдар мен жарналар жүзеге асырылатын тұлғалар - сақтандырылған тұлғалар):
- ҚР азаматтары;
- ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер;
- қандастар (оралмандар);
- ҚР аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері.
[/spoiler]
[spoiler title="«Достар Мед» клиникасына қалай тіркелуге болады?"]
Емханаға тіркелу https://egov.kz/ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады
Веб-портал арқылы жүгінген кезде қызметті беруші (емхана) адамның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді ктиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Азаматтың ЭЦҚ болған жағдайда электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тіркелу мүмкіндігіне ие.
Азаматтың МСАК ұйымына тіркелгенін куәландыратын құжат медициналық ұйымға тіркелу талоны болып табылады. Тіркеу талонын медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде тіркеу туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің (МСАК ұйымының) электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат түрінде беріледі.
Азаматтар тікелей және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы емханаға тіркелген кезде бұрын тіркелген МСАК ұйымынан босатылуы «Халық тіркелген регистрі» порталының дерекқоры арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
Отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттар арқылы еркін нысандағы өтініш негізінде отбасы мүшелерінің бірі жазбаша келісімі берген жағдайда отбасы мүшелерін тіркеуге жол беріледі.
Емхананың тіркеуші орнына жүгініп, жеке басын куәландыратын құжатты ұсына, өз қолдарымен өтініш жазып,төмендегі санаттағы адамдар емханаға тіркеле алады:
- пенсионерлер мен мүгедектер;
- студенттер;
- баланың заңды өкілдері және бала кезінен мүгедектердің қамқоршылары;
- шетелде туылған балалар;
- колонияда жазасын өтеп жатқан сотталғандар;
- мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілері;
- сәбилер үйлеріндегі балалардың,сондай-ақ жетімдер мен қарттардың өкілдері;
- ресми сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін тұлғалар.
[/spoiler]
[spoiler title="МӘМС қызметтерін алуына байланысты «Достар Мед» клиникасына кім тіркеле алады?"]
МӘМС қызметтерін алуына кез келген адам тіркеле алады.
«Достар Мед» клиникасын таңдауды келесі жағдайда ұсынамыз:
- Егер сіз үш шақырымнан аспайтын қашықтықта тұрсаңыз, бұл жағдайда біз тезірек медициналық көмек көрсете аламыз
[/spoiler]
[spoiler title="Клиникаларды қаншалықты жиі ауыстыруға болады?"]
МӘМС алуға байланысты медициналық мекемені ауыстыруға болады:
- тұрғылықты жері 1 айдан артық ауысқан жағдайда;
- сіз тіркелген медициналық ұйым таратылған жағдайда;
- медициналық мекемені еркін таңдау арқылы жылына бір рет.
15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жыл сайын бекіту компаниясы шығарылады. Егер сіз осы кезеңде медициналық ұйымнан бас тартпаған болсаңыз, келесі жылға осы мекеменің клиенті болып қалуға келісесіз деп есептеледі.
[/spoiler]
[spoiler title="«Достар Мед» клиникасына тіркеуден кімге бас тартылуы мүмкін?"]
- Егер сіз осы жылы өз қалауыңыз бойынша медициналық ұйымды тұрғылықты жеріңізді өзгертпестен өзгерткен болсаңыз;
- Пациент ұсынған құжаттардың дұрыс еместігінің анықталуы;
- Балалар тіркелген жағдайда заңды өкілдігін растайтын құжаттың болмауы.
[/spoiler]
[spoiler title="МӘМС және ТМККК шеңберіндегі біздің қызметтеріміз"]
Қызметтер тізімі
[/spoiler]
[spoiler title="Байланыс"]
Call-орталығы 8(727) 344 03 63, моб.: 8(700) 344 03 63, 8-700 344 03 53
Бас дәрігердің емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары: Садыкова Ботакоз Калыковна, каб. 202,
байланыс тел.: 8 (727) 3440363 (ін.: 713);
Пациенттерді қолдау қызметі: дәрігер сарапшы Ермекова Дана Калибековна, каб. 206
байланыс тел.: 8 (727) 3440363 (ін.: 186);
ООП 1 меңгерушісі Томашева Меруерт Сапаровна, каб.: 201
байланыс тел.: 8 (727) 3440363 (ін.: 114);
ООП 2 меңгерушісі Ахметбекова Сауле Социаловна, каб.: 203
байланыс тел.: 8 (727) 3440363 (ін.: 324);
ООП 3 меңгерушісі Калкабаева Индира Ганиевна, каб.: 204
байланыс тел.: 8 (727) 3440363 (ін.: 229);
Ана мен бала бөлімшесінің меңгерушісі Патсаева Роза Алдабергеновна, каб.: 319
байланыс тел.: 8 (727) 3440363 (ін.: 708);
[/spoiler]