Гастроэнтеролог
Біз асқазан-ішек жолдары ауруларының барлық түрлеріне жоғары сапалы медициналық көмек ұсынамыз. Біздің тәжірибелі мамандар сіздің денсаулығыңыз бен әл-ауқатыңызды қамтамасыз ету мақсатында диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін қолданады.
Біздің дәрігерлер
Жалпы ақпарат
Гастроэнтерология туралы
Симптомдары
Не емдейді?
Егер сізде ауырсыну, іштің немесе асқазан аймағындағы ыңғайсыздық, іштің гүрілдеуі және кебуі, жүрек айнуы мен құсу, диарея немесе іш қату пайда болса, гастроэнтерологпен кеңесу ұсынылады. Дәрігер гастроэнтеролог өңеш, асқазан, ішек, ұйқы безі, бауыр, өт жолдары және өт қабы сияқты ас қорыту органдарының ауруларын диагностикалаумен қатар емдеумен айналысады.
Гастроэнтерологттан кеңес алуға ұсынылатын ауру симптомдары:
Симптомдары
Іштің және асқазанның ауырсынуы;
Жүрек айнуы мен құсу, қыжыл және кекіру;
Іштің кебуі және гүрілдеуі, тұрақсыз нәжіс;
Іш қату;
Бауыр ферменттерінің (АСТ, АЛТ, ГГТ, СФ, амилаза, билирубин)белсенділігінің жоғарылауы сияқты қан анализіндегі өзгерістер;
Нәжістегі қан, шырыш және ірің қоспасы.
Гастроэнтеролог не емдейді:
Гастрит;
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы;
Целиакия ауруы (глютен энтеропатиясы);
Тітіркенген тоқ ішек синдромы;
Ойық жаралы колит;
Крон ауруы;
Ларингофарингеальды рефлюкс;
Микроскопиялық колит;
Созылмалы панкреатиттер;
Өт жолдарының дискинезиясы;
Өт тас ауруы, холецистит;
Хеликобактериямен байланысты аурулар;
Инфекциялық және инфекциялық емес себептеріне жататын гепатиттері, бауырдың басқа аурулары, жатырішілік инфекциялары;
Ішек инфекциялары және ішектің инфекциялық емес аурулары (колиттер);
Созылмалы жұқпалы аурулар (бруцеллездар, гельминтоздар. тілме және т. б);
Жатырішілік инфекциялар мәселелері бойынша жүкті әйелдерге кеңес беру және емдеу;
Өңеш, асқазан мен ұйқы безі,созылмалы колиттер сияқты өткір және созылмалы аурулардың диагностикасы мен емдеу.
Диагностика
Біздің мамандар жалпы денсаулықты бағалауда кешенді медициналық тексеруден өткізеді және аурулардың алдын алу бойынша жеке ұсыныстар әзірлейді, сонымен қатар пациенттерімізге салауатты өмір салтын сақтауға көмектеседі.
Жалпы медициналық тексеру Сауалнама (анамнез жинау)
Зертханалық зерттеулер
ФГДС
Колоноскопия
Іш қуысының УДЗ
Рентген
Компьютерлік томография
Наши услуги
Консультация
Диагностика
Лечение
Біздің қызметтер
Достар Мед клиникасында емделудің артықшылықтары
Гастроэнтерология
1.
Білікті дәрігерлер.
2.
Заманауи жабдықтарды қолдана отырып, сапалы амбулаториялық медициналық көмек көрсету.
3.
Әр пациентке жеке көзқарас.
4.
Пациенттер туралы барлық деректер арнайы медициналық бағдарламада тіркеледі және сақталады.
5.
Қолайлы жағдайлар.
Пікір қалдыру