Химиотерапия

Біздің химиотерапия қызметтері тәжірибелі мамандардың бақылауымен тиімді емдеуді ұсынады. Біз сізге аурудың қиындықтарын жеңуге және жаңа күш пен сенімділікке толы өмірге оралуға көмектесеміз

Кешенді терапия

Жалпы ақпарат

Терапия туралы
Процедура мақсаты
Химиятерапия түрлері

Химиотерапия онкологиялық ауруларды емдеудің негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Бұл процедураны жүзеге асыру рак клеткаларын жоюға және олардың көбеюін тежеуге көмектеседі. Ықтимал жанама әсерлерге байланысты әр процедураны дәл дозалар мен режимдерді сақтай отырып, тәжірибелі медицина мамандарының қатаң бақылауымен жүргізу қажет. Тек білікті онкологтардың қатысуымен ғана барлық кезеңдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі бар

Химиотерапия жүйелік әсерді қамтамасыз ете және рак клеткалары мен метастаздарды олардың орналасуына қарамастан жою арқылы барлық денеге таралып, қанға арнайы препараттарды енгізуге негізделген.

Ем жүргізу келесі негізгі мақсаттарға жетуге бағытталған:

Процедура мақсаты
Рак клеткаларын жою
Сәулелік терапия немесе хирургиялық араласу алдында ісік өлшемін қысқарту
Метастаздардың даму қаупін болдырмау
Аурудың қайталану ықтималдығын азайту

Неоадъювантты

Ісіктердің мөлшерін азайту мақсатында операция алдында қолданылады. Бұл емдеу әдісі метастаздардың пайда болу ықтималдығын азайтуға көмектеседі.

Адъювантты

Ісіктің қайталануын болдырмау және оның жасырын ошақтарын жою үшін хирургиялық араласудан кейін жүзеге асырылады. Бұл терапия әдісін қолдану қатерлі ісіктің барлық түрлеріне ұсынылады және алдын-алу функциясын орындайды.

Таргеттік

Ол молекулалық деңгейде әрекет ететін арнайы құрамдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Химиотерапия жасушалардың өсуін тоқтатып, оларды жойып қана қоймай, оларда өзін-өзі жою процестерін бастауға мүмкіндік береді.

3 түрі

Терапия қалай жүргізіледі?

Ем жүргізу әрқашан төмендегідей бірқатар факторларды ескере отырып, жеке әзірленген схема бойынша жүзеге асырылады:
Факторлары
Пациенттің жалпы жағдайы
Қатар жүретін ілеспе аурулардың болуы
Онкологиялық процестің сатысы
Ісік мөлшері
Метастаздардың болуы және басқалары

Терапия қанша уақытқа созылады?

Терапияның ұзақтығы әрқашанда жеке көрсеткіштерге қарай бекітіледі және көбінесе анықталған ісік түріне және оның әртүрлі препараттарға сезімталдығына байланысты болады. Ем циклдар бойынша ұйымдастырылады, олардың әрқайсысы 14 күн ішінде жүреді.
Препараттарды енгізу әдісі келесідей болуы мүмкін:
  • Күн сайын
  • 6-8 күнде бір рет
  • Барлық кезеңде бір рет
Процедуралардың ұзақтығы, аралықтары және саны

Бір процедураның ұзақтығы әдетте 2-3 сағатты құрайды. Сеанстар арасындағы аралық таңдалған химиотерапия режимімен анықталады. Циклдар саны да әдетте 4-тен 8-ге дейін өзгеріп отырады. Емдеудің жалпы ұзақтығы бір айдан бір жылға дейін . Қайталанудың алдын алу үшін белгілі бір жағдайларда қайталама терапия қажет болуы мүмкін.

Достар Мед клиникадағы терапия

Достар Медте өткізілген химиотерапиясының артықшылықтары

Неге бізде

Озық әдістер мен технологияларды қолдану

Тәжірибелі онкологтар препараттарды және оларды қолданудың оңтайлы схемаларын сауатты таңдайды.

Халықаралық емдеу хаттамалары

Біз шетелде емделіп жатқан пациенттердің емін жалғастыруға мүмкіндік береміз.

Стационардың жайлы жағдайлары

Стационардың жайлы жағдайлары, барлық палаталар барынша ыңғайлы жайғасу мақсатында барлық қолайлы заттармен жабдықталған.

Біздің қызметтер

Онколог консультациясы және ем жоспарын жасау
Амбулаториялық химиотерапия
Цитостатикалық препараттармен дәрілік терапия, гормондық және таргеттік терапия
Ем динамикасын бақылау
Күндізгі стационар және тұру мүмкіндігімен орналастыру

Маңызды

Химиотерапияны бастамас бұрын келесі қадамдар жасалады:
Алты қадам
1.
Науқасты мұқият тексеру және оның медициналық тарихын зерттеу.
2.
Химиотерапиялық емдеу жоспарын анықтау немесе басқа дәрігер ұсынған ұсыныстарға талдау жасалады.
3.
Науқасқа тағайындалған белсенді компоненттері бар дәрілік препараттардың тізімін қалыптастыру.
4.
Науқастың бойын, салмағын және басқа факторлары сияқты ерекшеліктерін ескере отырып, препараттың қажетті дозасы есептеледі.
5.
Денсаулық жағдайын бақылау мақсатында қажетті талдаулар мен тапсырудың жүйелілігі бойынша кеңес беру.
6.
Науқасты одан әрі бақылау стратегиясын қалыптастыру.

Біздің дәрігерлер

Онколог, Доктор медицинских наук, Химиотерапевт
Жұмыс тәжірибесі: 33 жыла
Онколог, Химиотерапевт
Жұмыс тәжірибесі: 30 жыл
Онколог, Химиотерапевт
Жұмыс тәжірибесі: 15 жыл
Онколог, Химиотерапевт
Жұмыс тәжірибесі: 4 жыла
Пікір қалдыру