Офтальмологпен сұхбаттасу

Балалар дәрігері және  ересектер офтальмологы, Четвертаков Вадим Константинович

Сұрақ: Көз қылилығы дегеніміз не және ол балаларда қалай анықталады?

Дәрігер: Қылилық немесе страбизм көздердің түзу қалыптан  ауытқуын және әртүрлі бағыттарға қарайтынын білдіреді. Яғни, бір көз дұрыс қажетті жерге қарайды, ал екіншісі мұрынға немесе  самайға  қарай,  үстіге немесе астыға қарай ауытқуы нәтижесінде байқалады. Бұл жағдай  әр түрлі себептерге ие,соның ішінде тұқым қуалаушылығына, көз бұлшықеттерінің немесе жүйке жүйесінің дамуындағы ауытқуларына және көздер арасындағы көруінің біркелкі еместігіне байланысты  тұрақты немесе құбылмалы болуы мүмкін.

Сұрақ: Балалардың көз қылилығы дамуына қандай факторлар ықпал етуі мүмкін?

Дәрігер: Қылилықтың дамуына тұқым қуалаушылық маңызды рөл атқарады. Алайда, аурудың пайда болуына мерзімінен бұрын немесе асқынған босану, көздің немесе көз бұлшықеттерінің дамуындағы ауытқулары, жарақаттар немесе инфекциялар сияқты басқа факторлар себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, астигматизм немесе алыстан көргіштік сияқты көздер арасындағы қөрудің біркелкі еместігі қылилықты тудыратынын ескеру маңызды, өйткені ми қосарланған бейнені болдырмау үшін бір көздің сигналдарын басуы мүмкін

Сұрақ: Балалардың көз қылилығын анықтау кезінде қандай диагностикалық әдістер қолданылады?

Дәрігер: Балалардағы қылилықтың диагностикасы көптеген арнайы тест-сынақтары арқылы офтальмологтың тексеруін қамтиды. Яғни, көру өткірлігін, рефракцияны, көздің сыртқы және ішкі күйін әдеттегі тексеруден басқа, көздің көзқарасы барлық позицияларында, алыстан және жақыннан қарағанда қылилық бұрышы, көздің қозғалғыштығы тексеріледі. Бала бір көздің суретін екінші көздің суретімен байланыстыра алатындығы,егер байланыстыра алса, қаншалықты тұрақты екендігі, көзілдіріктің қылилыққа қалай әсер ететіні және т.б. тексеріледі. Қылилық-бұл үлкен теориялық негізі бар офтальмологияның жеке саласы.

Сұрақ: Балалардың көз қылилығы белгілерін ерте диагностикалау мен емдеудің рөлі қандай

Дәрігер: Көз қылилығының ауыр зардаптарын алдын алуда оны ертерек диагностикалау және дер кезінде ем-шипа жүргізу шешуші рөл атқарады. Егер көз қылилығы емделмесе, бұл амблиопияның (жалқау көздің) дамуына, көру қабілетінің нашарлауына және көру жүйесінің жалпы функциясының проблемаларына әкелуі мүмкін. Көз қылилығын неғұрлым тезірек анықтап, емдей бастасақ, баланың көру функцияларын сәтті қалпына келтіру және сақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады

Сұрақ: Көз қылилығы бар балаларға қандай қол жетімді емдеу әдістері қолданылады?

Дәрігер: Балалардың көз қылилығын емдеу барысында көру қабілетін түзету кезінде көзілдірік немесе контактілі линзаларды кию, аппараттар көмегімен емдеу, үй жаттығулары және хирургиялық араласуы сияқты ем жүргізу түрлері қамтылуы мүмкін. Емдеу әдісі көз қылилығының себебіне, оның ауырлығына және баланың жасына байланысты. Емдеудің мақсатына көздің дұрыс орналасуын қалпына келтіру, көру функциясын жақсарту және одан әрі асқынулардың алдын алуы жатады.

Сұрақ: Баласында көз қылилығына күдік бар ата-аналарға қандай кеңес бересіз ?

Дәрігер: Егер сіздің балаңыздың көз қылилығына күдік болса, көз қылилығын диагностикалауға және емдеуге маманданған офтальмологқа жазылу маңызды. Ертерек ауруды анықтау және уақыттылы ем жүргізу болатын асқынулардың алдын алады және айтарлықтай болжамды жақсартады.

Пікір қалдыру