ДостарМед -те ОФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ашылуы

Достар Мед-те офтальмологиялық орталығының ашылғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз

  • Ересектер мен балалар бөлімі жұмыс істейді!
  • Диагностикалық бөлім (толық спектрі)
  • Аппараттық емдеу
  • Хирургиялық бөлім (катаракта)

Дұрыс және шынымен тиімді емдеуді таңдау үшін көру жүйені мұқият, мүмкіндігінше объективті тексеру және аурудың нақты себебін анықтау өте маңызды! Жеке көрсеткіштерге байланысты біздің пациенттерге көруді зерттеудің әртүрлі тәсілдері ұсынылуы мүмкін. Диагностиканы толық жүргізуге мүмкіндік беретін check-UP тексеру бағдарламасы бар

В программу CHECK-UP «Офтальмологический» входят:

  1. Офтальмолог дәрігердің қабылдауы (тексеру және кеңес беру)
  2. Көздің УДЗ (ультрадыбыстық толқындардың көмегімен көздің жағдайын зерттеу)
  3. Оптикалық когерентті томография (көз құрылымдарының көлденең қимасын зерттеу)
  4. Кератометрия (қасаң қабықтың сыну қабілетін өлшеу)
  5. Тонометрия (көз алмасындағы қысымды өлшеу)
  6. Рефрактометрия (рефракцияны анықтау көздің оптикалық жүйесіндегі жарықсындырғышы) 
  7. Биомикроскопия (арнайы құрал-саңылаулы шамды қолдана отырып, көздің құрылымдық элементтерін зерттеу)
  8. Офтальмоскопия (көз түбін зерттеу)
  9. Визометрия (көру өткірлігін анықтау)
  10. Көз жасы жолдарын жуу (диагностикалық және емдік манипуляциясы)

Офтальмологияда көру өткірлігінің бұзылуының барлық түрлерінде, амблиопияда, қылилық пайда болған кезде , көз шаршаған сәтте, бинокулярлық бұзылыстарда көз емдеудің аппараттық әдістері сәтті қолданылады.  Аппараттық әдістердің көпшілігі окуломоторлы бұлшықеттерді жаттықтырудың белгілі бір әдісіне, аккомодация механизміне, торлы қабықты қабылдайтын аппаратқа және мидың көру орталығына негізделген.

Жаттығулар күн сайын немесе күнара орта есеппен 10-15 процедурадан тұратын қайталанатын емдеу курстарымен өткізіледі.  Аппараттық емдеу кез-келген жастағы пациенттерге мүлдем қауіпсіз және қол жетімді.

Пікір қалдыру